• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 07 Қараша, 2024

Ауыл шарушылығын дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылды

81 рет
көрсетілді

Қазақстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп секторларын нығайту мақсатында Deere & Company, Eurasia Group және «Бәйтерек» холдингі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Келісімнің мақсаты – еліміздегі технологияларды дамытуға, білім алмасуға және тұрақты дамуға жәрдемдесу. Меморандум талаптарына сәйкес, серіктестік жаңа технологияларды енгізуге, цифрлық трансформация мен өнеркәсіптік дамуға баса назар аударады, бұл ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп секторларының тиімділігін арттырмақ.

«Алдыңғы қатарлы технологияларды пайдаланып, білім алмасуды қолдау арқылы біз экономикаға да, жергілікті халыққа да пайда әкелетін тұрақты өсудің негізін қалыптастырамыз», деп мәлімдеді John Deere-дің ТМД және Орталық Азия бойынша «Ауыл шаруашылығы және көгалдар» бағытындағы президенті Чаба Лейко.

Ал «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы: «Қазақстанға тікелей инвестициялар салуға деген әлемдік салалық көшбасшылардың қызығушылығын құптаймыз, өйткені бұл біздің ел мен өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін іске асыру арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етеді»,  дейді.

Бұл келісім жаңа жұмыс орындарын ашуға, экономикалық тәуелсіздікті арттыруға және Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының тұрақты өсуіне ықпал етеді деп күтіледі. Ол Deere & Company, Eurasia Group және «Бәйтерек» холдингінің Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және оны Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік дамудағы көшбасшы ретінде қалыптастыруға бағытталған ортақ мақсатын көрсетеді.

Айта кетейік, Deere & Company  – ауыл шаруашылығы, құрылыс және орман шаруашылығы жабдықтарын өндіру бойынша әлемдік көшбасшы компанияның бірі.