• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 08 Қараша, 2024

Қазақстанда бірыңғай ашық реестр әзірленіп жатыр - Олжас Бектенов

189 рет
көрсетілді

Елімізде отандық тауарлардың және тауар өндірушілердің бірыңғай ашық реестрі әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шағын және орта бизнес форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ең маңызды мәселелердің бірі – отандық тауар өндірушілердің шынайылығын тексеру. Бәріміз «жалған тауар өндірушілер» туралы білеміз. Олар мемлекеттік қолдаудың толық кешеніне қол жеткізеді. Отандық өндіріске ешқандай үлес қоспай, тек импортталған тауарға «Қазақстанда жасалған» таңбасын басу арқылы ғана жеңілдетілген жолмен мемлекеттік сатып алуларға қатысады. Міне, сондықтан біз қазір «Отандық тауарлардың және тауар өндірушілердің бірыңғай ашық реестрін» әзірлеп жатырмыз», деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов адами факторлар мен жемқорлық қаупінен қорғану, компаниялардың қызметіне барынша ашық талдау жасау және шын мәнінде тауар өндіретін компанияларды анықтау үшін бұл салада цифрландыру барынша кең қолданылып жатқанын атап өтті.