• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қараша, 2024

Заң және Тәртіп: Прокурор Айжан Аймағанова «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясын бастауға шақырды

127 рет
көрсетілді

Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің 10 жылдығына арналған республикалық форум өтті. Осы жиында Қуандық Бишімбаевтың сотында мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова сөз сөйледі. Ол прокурор ретінде әрі ана ретінде де өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кейінгі кездері жастар арасындағы құқық бұзушылықтың көбеюі байқалады. Зорлық-зомбылық, вандализм, бұзақылық фактілері, балаларға қатысты қылмыстардың артуы алаңдатады. Мен прокуратура қызметкері ретінде күн сайын осындай істерге куә боламын. Бұл бізге моральдық-психологиялық тұрғыдан өте ауыр. Бір жағынан ана ретінде аяғын шалыс басқан жастардың болашағын уайымдаймыз, екінші жағынан заңгер ретінде жаның ауырады. Қалай десек те, заңды шешім шығарып, жастарды тура жолға салуға тырысамыз», деді А. Аймағанова.

Сондай-ақ ол «Тәртіпті өзіңнен баста!» қоғамдық акциясын бастауға шақырды.

«Акцияның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үндеу, құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктің алдын алу, қоғамда заң мен тәртіп үстемдігін насихаттау. Осы арқылы жастарды құқықбұзушылық кеселдерден аулақ болуға тәрбиелейміз. «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы. Сөз соңында заң мен тәртіпті басты құндылық ретінде ұстанып, мемлекетімізде әділеттілік пен тұрақтылықты биік қоюға әр азамат, әр отбасы өз үлесін қосуға міндетті екенін атап өткім келеді», деді прокурор.