• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Байқау 09 Қараша, 2024

Бас жүлде – «Жақсылық жалғасында»

255 рет
көрсетілді

Отандық деректі фильм Үндістандағы кинофестивальда бас жүлде мен екі бірдей марапатқа ие болды. Бұл – елдегі кино өнерінің биік көрсеткіші.

Режиссер Ақмарал Баталова түсірген және «SEZAR films» продюсерлік орталығы ұсын­ған «Жақсылық жалғасы» деректі фильмі Үндіс­танда өткен «NFF – Nawada Film Festival» халықаралық кино­фестивалінде жеңім­паз атанды.

Фильм жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына қазақ елінің гуманитарлық көмек көрсетуі туралы баяндайды.

Деректі туынды «Үздік деректі фильм» және «Үздік әлеуметтік фильм» ата­лымдарында жеңіске же­тіп, 84 елден қатысқан 1800-ден астам фильмнің арасынан озып шық­ты. Сонымен қатар бұл фильм фести­валь­дың бас жүлдесіне де лайық деп та­нылды.

Былтыр «әл-Фараби әлем­дік мұ­расы» және «Асар Уме» қайырым­ды­лық қорларының бастамасымен Қа­зақ­стан халқы Сирияға 100 тон­на гу­манитарлық көмек жеткізді. Қайы­рым­дылық акция­сы барысында Латакия жа­ға­лауында, Дамаск қаласындағы Әл-Фа­раби мәдени орталығында, сондай-ақ Хмеймимдегі ресейлік әскери базада киіз үйлер орнатылды. Сол қазақы ақ отауларда зардап шеккен адамдарға қайырымдылық іс-шаралары жасалды.

Аталған фильм Қазақстан халқының жанашырлық пен ынтымақтастық және қайырымдылық қасиеттерінің жақсы үлгісін бүкіл әлемге паш етті.