• RUB:
    4.97
  • USD:
    497.26
  • EUR:
    525.21
Басты сайтқа өту
Мәдениет 16 Қараша, 2024

Жампоз журналист алпыс жаста

196 рет
көрсетілді

Елордадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде белгілі журналист-ғалым, профессор, Бас редакторлар клубының бірінші вице-президенті Мұратбек Тоқтағазиннің 60 жылдық мерейтойына орай «Журналистика мен қазіргі медиакоммуникация парадигмалары: теориялық және практикалық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараға Мәдениет және ақпарат, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің, TURKSOY халықаралық ұйымының, Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар, БАҚ басшылары мен студенттер қатысты. Конференция барысында Мұратбек Балқыбекұлының шығармашылық жолы туралы әсерлі баяндамалар оқылды. Әсіресе, оның Ақмола қаласының тарихи атауын қайтарудағы еңбегі ерекше атап өтілді.

Мерейтойда Президент кеңесшісі, Ұлттық ғылым академиясының академигі Бауыржан Омарұлы өзінің баяндауында Мұратбек Тоқтағазиннің қайраткерлік және шығармашылық қырларына тоқталды.

«Мұратбек Тоқтағазиннің өмірі үш кезеңге бөлінеді: студент, журналист, зерттеуші. Ол мектеп жасынан бастап-ақ қайраткер ретінде қалыптасып, қазақ баспасөзінің дамуына айрықша үлес қосты. Оның қажырлы еңбегі мен тың идеялары сарыдаланы қазақиландыруға және Астананың ұлттық келбетін қалыптастыруға серпін берді», деді ол.

Мұратбек Тоқтағазин 2010 жылы Әзілхан Нұршайықов шығармашылығына арналған кандидаттық диссертация қорғап, журналистиканың түрлі жанрларында 300-ден астам мақала жариялаған. Оның «Ақмола үшін айқас», «Кітап басу ісіндегі коммуникативті саясат» атты кітаптары мен көптеген ғылыми мақаласы жас зерттеушілер үшін құнды бағыт-бағдар болып отыр.