Астана қалалық ТЖД төрт баланың өмірін қиған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
«Балалардың қаза болуына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты жеке екі қабатты тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша ТЖД анықтау бөлімі ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тергеу нәтижелері тексеру аяқталғаннан кейін айтылады», деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең Астанада жеке тұрғын үй өртеніп, 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапқан болатын.