• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қараша, 2024

Қостанай облысында 4 адам ыс тиіп қаза тапты

62 рет
көрсетілді

Қайғылы оқиға Амангелді ауданына қарасты Қарынсалды ауылында болған. Жанып тұрған пештен бөлінген улы газдың салдарынан бір үйден 4 адам көз жұмып, екі адам ауыр халде ауруханаға түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құтқарушылар келіп жеткенде оқиға орнынан 67 жастағы зейнеткердің және 2016, 2021, 2022 жылы туған үш баланың мүрдесі табылған.

«17 қараша күні сағат 112 пультіне Амангелді ауданына қарасты Қарынсалды ауылындағы жеке үйде 6 адамның улы газдан уланғаны туралы хабар түсті. Құтқарушылар келген кезде өрт ошақтары анықталмаған. Улы газдан зардап шеккен екі адам Арқалық қаласының ауруханасына шұғыл түрде жеткізілді.  Оқиғаның себептерін анықтау үшін оқиға орнында ТЖД басшылығы мен жедел топ жұмыс істеп жатыр», деп мәлімдеді облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Қостанай облысы