• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Жоба 19 Қараша, 2024

Қанатқақты жоба ерекшелігі

57 рет
көрсетілді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі ми­нистрлігі «Alaqan Technologies» стартапымен бірлесіп, мем­ле­кеттік мекемелерде алақан іздері бойынша био­метриялық верификация жүйесінің қанатқақты «Alaqan» жобасын енгізді.

Бұл жоба мектеп пен бала­бақшадағы балалар қауіпсіздігін арттыруға, мемлекеттік мекеме­лердегі қызметкерлердің кіру-шы­ғуын бақылауға және бюджет қаражатының мақсатсыз жұм­сал­мауына бағытталған.

Қазір «Alaqan» жүйесі Шым­кент қаласы әкімдігі мен «Аза­маттарға арналған үкімет» КеАҚ, сондай-ақ бірнеше мектеп пен бала­бақшаға қойылды. Соны­­мен қатар Ақмола облы­сын­дағы 91 мектеп пен Ақтөбе об­лысындағы 68 мектепті қамтыды. Ал Батыс Қазақ­стан, Түркістан және Қарағанды облыстарындағы бір білім ордасына қа­нат­қақты жоба ретінде енгізілді.

Алдағы екі жылда Қараған­ды облысының 150 мектебіне де осы жүйені орнату жоспарланған. Сондай-ақ «Артспорт» және «Да­ра­бала» жобасы аясында атал­ған жү­йені Көкшетаудың 19 қосым­ша білім беру нысанына баруды есепке алу үшін сәтті пайдаланылып отыр. Нәтижесінде, биылғы наурыз айы­нан бастап, бюджет қаржы­сын үнемдеу 60 миллион теңгеден асқан.

Бүгінгі таңда жүйеде 124 мың­нан аса оқушы мен 10 мыңға жуық мектеп қызметкері тіркелген. Енді жобаны стратегиялық маңыз­ды нысандарға орнату мүмкіндігі қарастырылып отыр.