Қызылорда облысының прокуратурасы жасанды интеллектке негізделген «IT Tergeu» жобасы шеңберінде ұрлық фактілерін әшкерелеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
496 қылмыстық іс бойынша 689 ұялы телефон тексерілген. Нәтижесінде 200 миллион теңгеден астам залал келтірілген 134 қылмыстық факті анықталған.
Бұдан бөлек 62 қылмыскер ұсталып, із-түзсіз жоғалған 51 адам табылған. Қазірге дейін жалпы сомасы 439 миллион теңге өндірілген.