• RUB:
    5
  • USD:
    497.89
  • EUR:
    525.12
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:40

Ақтөбе облысының прокуроры қызметінен босатылды

27 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының прокуроры Халидулла Дәуешов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас  Прокурордың   2024 жылғы 18 қарашадағы  бұйрығымен  3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидолла Зиноллаұлы Дәуешов Ақтөбе облысының прокуроры лауазымынан қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты босатылды», делінген мәлімдемеде. 

Х.З. Дәуешов заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен   наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

Халидулла Дәуешов 1964 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1984-1985 жылдары Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысты. 1991 жылы С.М.Кирова атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.