Жол-көлік оқиғасы Алатау ауданындағы Шаңырақ-2 ықшам ауданында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жүк көлігінің жүргізушісі қоғамдық көлікпен соқтығысқан. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.
«Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті», деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.