• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2015

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан жолы: Бірлік. Патриотизм. Реформалар»  халықаралық парламенттік конференциясының қорытынды құжаты

263 рет
көрсетілді

Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған халықаралық парламенттік конференциясының қаты­су­шылары, «Қазақстан жолы: Бірлік. Пат­риотизм. Реформалар» тақырыбын талқы­лай келе, Қазақстанның және Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың полиэтностық және поликонфессиялық қоғамды дамыту, тұрақтылықты, қоғамдық келісімді жә­не ұлттық бірлікті қамтамасыз ету жө­нін­дегі халықаралық тәжірибеге қосқан үлесі маңызды екендігін атап өтеміз. Біз мемлекеттердің ішкі тұрақ­ты­лы­ғының, олардың табысты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды фак­то­ры ретінде этносаяси және этноәлеу­меттік контекстегі қоғамдық келісімнің халық­аралық мәні артып келе жатқандығын атаймыз. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі еліміз рөлінің маңыздылығын мойындай отырып, конференцияға қа­ты­сушылар Қазақстанның Шығыс пен Батыстың өркениетін жақындатуға, Еуразия кеңістігінің рухани және мәдени дәстүрлерін біріктіруге деген ұмтылысын жоғары бағалайды. Пікірталас барысында Қазақстанның қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік моделін қалыптастырудағы табысты тәжірибесі, сонымен бірге, Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының бірегей инс­титуты, тұрақтылық факторы, қоғам­дық келісімнің мызғымас негізі әрі ор­нықты дамудың кепілі ретіндегі рөлі айрықша аталып өтті. Қазақстан тәуелсіздік жылдары по­ли­этностық дамудың стратегиялық ресурс­ына айналған қауіпсіз және тұрақты елге айналғандығын қанағаттанарлықпен атаймыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының тә­жі­рибесі – қазақстандықтардың бей­біт­шілік пен келісіммен өмір сүруге, халық­тың тарихын, мәдениетін және дәстүр­лерін сақтай отырып, ортақ болашақ­ты құруға деген құлшынысының жарқын дәлелі. Ассамблея жылы Нұрсұлтан Назар­баевтың кезектен тыс президенттік сайлауда ерекше жеңіске жетуі, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын, айтулы институттық реформаларды жә­не Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясын  жү­зеге асыруды бастау жылымен тұспа-тұс келуінің терең символдық мәні бар. Конференцияға қатысушылар Қазақ­станның Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттермен мәдени-гуманитарлық ынты­мақтастықты одан әрі тереңдете түсуге ниетті екендігін толығымен мақұлдай отырып, бейбітшілік, мейірімділік, дәс­түрлер күші және елдерді, халықтарды дамытудағы және өркениеттер даму­ын­дағы жаңашылдықтың табысына деген өздерінің жақын екендігін білдіреді. Әлем этносаралық шиеленістерге рухани бастаудың, бейбітшілікcүйгіштік пен қоғамдық келісімнің тұтастығын қарсы қоюы қажет. Біз Қазақстанның жүйелілікпен және сенімділікпен дамып келе жатқан ел ретінде, әр түрлі этностар, мәдениеттер және діндер тоғысқан жас әрі күшті мемлекет ретінде, бүгінгі таңда үнқатысу мен ынтымақтастықты құруда ашық алаң әрі сенімді әріптес ретінде танылып отырғандығын атап өтеміз. Біз, халықаралық парламенттік кон­ференцияға қатысушылар, Қазақ­стан халқын, Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті, Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының Төрағасы Н.Назарбаевты  Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясының 20 жыл­дығымен құттықтаймыз және Қазақстан халқына өсу мен өркендеу тілейміз! Астана, 2015 жылғы 16 маусым