• RUB:
    4.93
  • USD:
    523.17
  • EUR:
    550.06
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Қараша, 2024

Қазақстан армиясының балуаны күрестен әлем чемпионы атанады

72 рет
көрсетілді

Армения астанасында халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қамқорлығымен әскери қызметшілер арасында күрестен 37-ші әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белдесулердің кейбір нәтижелері қазірдің өзінде белгілі болды. Армия орталық спорт клубы балуандары еркін күрестен алтын медаль, сондай-ақ грек-рим және әйелдер күресінен екі қола медаль ұтты.

Ресей, Моңғолия және Иран балуандарымен жекпе-жекте өзінің артықшылығын көрсетіп, Үнді спортшысымен шешуші жекпе-жекте 6:2 есебімен жеңіске жеткен ефрейтор Мейіржан Әшіров 70 келі салмақ дәрежесінде еркін күрестен әлем чемпионы атанды.

Ал грек-рим күресінен колумбиялық балуанды жеңген кіші сержант Айдос Сұлтанғали (60 келі) қола жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ қарулы күштер қызметкері Светлана Анкичева (50 келі) да қола жүлде алды. Швейцария мен Моңғолиядан келген спортшыларға есе жіберген ол қола жүлде үшін шешуші жекпе-жекте АҚШ өкілін 10-0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, жарыс 24 қарашаға дейін жалғасады.