Шағын футболдан Нидерландыда өтіп жатқан «World Police Indoor Soccer Tournament» халықаралық турнирінде Қазақстан полицейлері топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған жарыс жыл сайын полиция қызметкерлерін, өрт сөндірушілерді, кеден қызметкерлерін, әскерилерді, салық инспекторларын жинайды. Жарыс 1982 жылдан бері өткізіліп келеді. Қатысушылар 4 санат бойынша бақ сынайды: ерлер, әйелдер, 35 жастан және 45 жастан асқан ер адамдар.
Былтыр турнирге 25 елден 106 команда қатысса, биыл да спортшылар саны аз емес. Биыл Қазақстан намысын Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қорғап, бірінші орынды жеңіп алды.