«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, бүгін, 26 қарашада еліміздің тоғыз қаласында қолайсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2024 жылғы 26 қарашада Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер, Павлодар, Көкшетау және Петропавл қалаларында ауа ластануы мен қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», деп хабарлады синоптиктер.
Қолайсыз ауа-райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қалаларда ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп күтіледі.