Оңтүстік Кореяның Санджу қаласында «Korea Open» күрес түрлерінен халықаралық турнирде балуандарымыз қоржынға 6 медаль салды, деп жазады Egemen.kz.
Атап айтқанда, Эльмира Сыздықова (76 келі) алтыннан алқа тақса, Айбек Айтбеков (60 келі) пен Диас Сейтқалиев (77 келі) күміс медаль иегерлері атанды, ал, Мақсат Сайлау (87 келі), Темірлан Тұрдақын (87 келі), Нұрасыл Аманәлі (97 келі) қола жүлделерге қол жеткізді.