• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2015

Түркияның бұрынғы президенті Сүлеймен Демирел дүниеден өтті

650 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 17 маусым. 92-ге қараған  жасында Түркияның бұрынғы президенті Сүлеймен Демирел қайтыс болды. Экс-президент 13 маусым күні халінің нашарлауына байланысты Анкарадағы ауруханалардың біріне түскен еді. Бұл туралы түріктің "Milliyet" газетінің дерегіне сүйеніп, trend.az хабарлады. Сүлеймен Демирел 1949 жылы Стамул техникалық университетінің инженерлік-құрылыс факультетін бітірген.  Содан соң 6 жыл АҚШ-та еңбек тәжірибесінен өтті. Ол Түркиядағы  Әділет партиясының негізін қалаушылардың бірі. 1980 жылға дейін партия басшылығында орынбасар және төраға қызметтерін атқарды. 1975-80 жылдары арасына үзіліс салып, премьер -министрдің орынбасары, 1980 жылғы азаматтық қақтығыстан кейін болған әскери төңкерістен соң премьер-министрдің қызметін қоса  атқарды. 1993 жылы Тұрғыт Өзал қайтыс болған соң, Түркия президентіне сайланды. Ол қызметті 2000 жылға дейін атқарды. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: trend.az.