Түркістан облысында шетел азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескен қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицияның мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шетелдіктерге шекарадан өту үшін жалған сот қаулыларын берген 9 адамды ұстаған.
«Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жай анықталады», делінген полиция хабарламасында.
Қытай мен ТМД елдері Қазақстанға көшіп келген мигранттар саны бойынша көш бастады.
Сонымен қатар жоғарыда аталған жалған құжаттардың көмегімен Қазақстан шекарасынан өтуге тырысқан 10 шетелдік азамат елден шығарылған.