АҚТАУ. 17 маусым. Ақтау әуежайында жолаушылар ұшағы өртенді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
SCAT компаниясына тиісті жолаушылар ұшағы Астана қаласынан Ақтау әуежайына келіп қонған. Кестеге сай ұшып, уақытында қонған ұшақтан ешқандай техникалық ақаулар байқалмаған. Мамандардың болжамынша, өрт ұшақ бортындағы кислород баллонының жарылу себебінен пайда болған.
«Жолаушылар ұшақтан кестеге сай түсірілген соң, бортта техникалық қызмет көрсету жұмыстары басталды. Осы кезде салонда өрт тұтанды. Авиакомпания тілсіз жаудың шығу себебін анықтайтын болады», – дейді компанияның жұртшылықпен байланыс бөлімінің өкілі В.Ульянова.
Ұшу жолағында тұрған ұшақ «Минеральная вода» бағытында сапарға шығуы тиіс болатын.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: lada.kz.