• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 00:03

Астанада «Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достығы» аллеясы ашылады

44 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі көктемде Астанада «Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достығы» аллеясын ашу жөнінде шешім қабылдағанын айтты. Бұл қала тұрғындары мен қонақтары сейіл құратын көрікті орынға айналады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы сонымен қатар  Астанада қыркүйек айында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына белсенді қатысқаны үшін Ресей тарапына ризашылығын білдірді. Қазақстан Президенті 2026 жылы елімізде спорттың дәстүрлі түрлері мен киберспортты ұштастыратын Үшінші «Болашақ ойындары» ұйымдастырылатынын мәлімдеді. Бұл бірегей сайыстың әуелгі бастамашысы – Ресей.

– Биыл тамыз айында өткен Астананың Мәскеудегі мәдениет күндері көпшіліктің зор ықыласына бөленгенін атап өткім келеді. Қазан қаласында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының ескерткіш бюсті ашылды. Бұл – айтулы оқиға. Бұдан бөлек, Мәскеудегі Үлкен театр сахнасында қазақ ұлттық классикасының жауһары – «Абай» операсы қойылды. Таяу жылдары әйгілі Третьяков галереясында және Эрмитажда Қазақстанның мәдени-тарихи жәдігерлерін паш ететін көрмелер ұйымдастырылады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.