Оқиға 28 Қараша, 2024

Алматы облысындағы тұрғын үйде жарылыс болды

82 рет
көрсетілді

Іле ауданының Байсерке ауылында үш пәтерлі барак үлгісіндегі тұрғын үй пәтерлерінің бірінде газ жабдығының ақаулығына байланысты газ-ауа қоспасы тарсылдап, соңы өртке ұласты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға болған үй қираған жоқ. 

«Өрт сөндіру жұмыстары барысында денелерін күйік шалған 1980 жылы туған әйел мен оның 2001 жылы туған ұлы эвакуацияланып, ауруханаға жатқызылды. Сонымен қатар қызыл жалыннан газ баллоны шығарылды», делінген хабарламада.