АЛМАТЫ. 17 маусым. Киев маңындағы мұнай базасындағы он күндей жалын шарпыған алапат өрт ақыры өшірілді. Бұл туралы АП хабарлады
Украина Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі «Киев облысына қарасты Васильков ауданындағы "БРСМ-Нафта" мұнай қоймасындағы өрт толығымен өшірілді» деген мәлімет таратты. Мұнай базасында өрт 8 маусым күні кешкісін шыққан болатын.
Тілсіз жау салдарынан 5 адам қайтыс болып, 20 адам ауруханаға түсіп, зардап шекті. Базаға әдейі от қойылды деген болжам бойынша, тергеу жүргізіліп те жатыр.
Талғат Сүйінбай.
Дерек: АП.
Сурет: anspress.com.