• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 12:48

АИТВ жұқпасы 2030 жылға қарай атымен жойылуы мүмкін

32 рет
көрсетілді

Халықаралық және отандық тәжірибе көрсеткендей, АИТВ-инфекциясын тұрақтандырудағы елеулі жетістіктер адам құқықтарын қорғау саласындағы ілгерілеумен тығыз байланысты. Өз кезегінде, АИТВ-ға қарсы іс-қимылдардағы жетістіктер денсаулық сақтау жүйесін нығайту, тегін медициналық көмек шеңберінде қызмет көрсету саласын кеңейту жөніндегі шараларға алып келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мысалы, Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында ТМККК көлемінде бірнеше жыл бойы АИТВ-инфекциясы мәселелерімен халыққа тексеру және кеңес беру жүргізіледі, шет елдерге шығу үшін АИТВ-ға тексеру нәтижесі бар сертификаттар беріледі. Халықтың негізгі топтарына профилактикалық және медициналық-әлеуметтік көмек сенім пункттерінде және достық кабинеттерде көрсетіледі, бұған жеке қорғаныс құралдарын беру, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды диагностикалау және емдеу кіреді.

АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға медициналық көмек, психоәлеуметтік, заңдық және медициналық консультациялар, АИТВ-инфекциясымен ауыратын науқастарды динамикалық бақылау ТМККК шеңберінде қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес ұйымдастырылған. Сондай-ақ АИТВ-инфекциясын емдеу үшін антиретровирустық препараттар беріледі, АИТВ-мен байланысты аурулардың диагностикасы жүргізіледі, емдеу тиімділігіне зертханалық мониторинг қамтамасыз етіледі.

Көрсетілімдер болған жағдайда, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының алдын алу саласындағы басқа да функциялар халыққа жанасуға дейінгі және жанасудан кейінгі  антиретровирустық профилактика қолжетімді.

Бүгін Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында өңірдің 2265 тұрғыны антиретровирустық терапия алып жатыр, биылғы жылдың 10 айында иммундық мәртебені анықтау үшін 3197 талдау, терапияның тиімділігін анықтау үшін 4107 талдау жүргізілді. Жүкті әйелдердің 100%-ға жуығы АИТВ-инфекциясына және олардың жыныстық серіктестеріне тексерілді. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша Достық кабинетте 2891 адам кеңес алды, оның ішінде 250-ден астамы жанасуға дейінгі профилактикадан және 38 – і жанасудан кейінгі профилактикадан өтті. Сонымен қатар, жыл басынан бері облыс аудандарында ашылған 15 сенім пунктіне 55 мыңға жуық адам келді.

АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруда және оны жоюда қоғам тарапынан тексеруге, емдеуге, сондай-ақ әлеуметтенуге, еңбек құқықтарына қол жеткізу құқықтарын қабылдау, құрметтеу, қамқорлық және сақтау сияқты іс-әрекеттер өте маңызды. Сондықтан кездейсоқ емес, 1 желтоқсан – биылғы ЖИТС-пен күрес күні «Дұрыс жолды таңда - адам құқықтарының жолын таңда» ұранымен өтеді. Сарапшылардың пайымдауынша, егер адам құқықтары басты назарға алынса, әлем 2030 жылға қарай АИТВ-ны қоғамдық денсаулыққа қауіп ретінде тоқтата алады. «Құқықтар жолымен жүріңіз» деген үндеу келесі жылдың оқиғалары үшін маңызды болып қала береді. Облыстық онкүндік аясында 20 қарашадан 1 желтоқсанға дейін Павлодар өңірлік АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы осы инфекцияның алдын алу және емдеу жөніндегі мәселелерді БАҚ-та кеңінен жариялауды қамтитын бірқатар іс-шараларды жоспарлады.

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні – бұл әркімнің құқығын қорғау арқылы әркімнің денсаулығын қорғауға шақыру.