Елімізде 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды. Мемлекет басшысы жақында агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсімнің негізгі күштерінің бірі саналатынын айтқан еді.
Үкімет АӨК дамыту жөніндегі міндеттерге қол жеткізу мақсатында кешенді шаралар қабылдап жатыр. Елімізде Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша фермерлердің өтініш-тілектерін ескере отырып, осы жылдың 29 қарашасынан бастап 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру басталды.
Президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін бағытталады, оның 560 млрд теңгесі капиталдың нарықтық көздерінен тартылады.
Бүгіннен бастап «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қаржыландыру тетігі іске қосылды. 684 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден шамамен 82 млрд теңге сомаға өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды, оның қатарында 176 өтінім жұмысқа қабылданды. Тағы 508 өтініш бойынша 59,9 млрд теңгеге құжаттар жиналады.
Қаржыландыру алғаш рет көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуден бұрын басталғанын атап өту маңызды. Бұл фермерлерге тұқымды, тыңайтқышты алдын ала сатып алуға, техниканы дайындауға және барлық қажетті жұмысты сапалы жүргізуге мүмкіндік береді. Үкімет қабылдаған шаралардың арқылы шаруалар өздеріне барынша қолайлы жағдайлар бойынша жедел қаржылық қолдау алады.
Бұған қоса, қарыздарды ресімдеу үшін де, оларды кейіннен өтеу үшін де жүгінуге болатын қаржы институттарының саны ұлғайды. Қаражатқа екінші деңгейлі банктер, несиелік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және Аграрлық несие корпорациясы арқылы қол жеткізуге болады.
Сондай-ақ кәсіпкерлер жиі көтеретін кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қарыз сомасының 85%-ын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдік береді.
Кеңес алу мен өтінімдер беру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жақын маңдағы өңірлік филиалдарына жүгіну қажет. Қосымша ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан алуға болады және Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін 5353 Call center нөмірі, Tele 2, Altel үшін8 701 006 19 91 телефон нөмірі жұмыс істейді.