Оқиға 02 Желтоқсан, 2024

Ақмола облысында екі бала өртеніп кеткен

70 рет
көрсетілді

Қайғылы оқиға Бұланды ауданына қарасты Шұбарағаш ауылындағы жеке тұрғын үйде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдегендей, 7 және 3 жасар бала түтіннен уланып, қайтыс болған.

Жедел қызмет нөмірлеріне қоңыраулар түспеген. Өртті оқиға куәгерлері сөндірген.

Қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр. Аталған ауданның ТЖ бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.