ПАВЛОДАР. 17 маусым. Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Асқар Бахралинов қамауға алынды.
Бұл туралы Асқар Бахралиновтың адвокаты Светлана Ковлягина хабарлады. Қорғаушының айтуынша, 2013 жылы сотталған А. Нұрбаев түсінік беріп, аудан әкімі орынбасарының жоғары лауазымды шенеуніктердің істерін әшкерелейтін материалдарды тарату бойынша сыбайлас болғанын айтқан. Қорғаушының айтуынша, екі жыл бұрын тергелген кезде Асқар Бахралиновтың қатыстығы тексеріліп, ешқандай айғақтар табылмаған көрінеді.
Қорғаушы қалалық прокуратураға Бахралиновты қамауға алған сәтте және тінту барысында көптеген процессуалдық бұзушылықтар үшін шағым жазып жатқанын айтады. Тінту, тәркілеу және қамауға алу хаттамалары көрсетілмепті. Қамауға алынған Асқар Бахралинов ешқандай қылмыстық істерге қатыспағанын, қызының қайғылы өлімінен кейін өмірлік көзқарастарын өзгерткенін айтуда.
Фарида Бықай.
Дерек, сурет: egemen.kz