• RUB:
    5.01
  • USD:
    523.58
  • EUR:
    549.71
Басты сайтқа өту
Білім 03 Желтоқсан, 2024

ҰБТ тапсырмаларының сапасы жақсарады

43 рет
көрсетілді

Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысты мәселелерді түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2023-2024 жылдары Дүниежүзілік банктің «Жалпы білім беруді жаңғырту» жобасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген 350 сарапшы ҰБТ тапсырмаларын әзірлеу және сараптау бойынша оқу курсын аяқтады.

Оқыған мамандар Ұлттық тестілеу орталығы ұйымдастыратын іс-шараларға белсене қатысып, біліктіліктерін арттыруды жалғастырып жатыр. Сондай-ақ орталық мультимедиялық элементтер мен жоғары деңгейдегі когнитивтік дағдыларды бағалайтын интерактивті әрекеттерді құруға арналған инновациялық жаңа онлайн платформасын әзірлеп жатыр.

«Бұл платформа әртүрлі типтегі тапсырмаларды әзірлеуге мүмкіндік беріп, ҰБТ тапсырмаларының сапасын айтарлықтай жақсартады», деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Бұған дейін, 2021 жылғы 3 желтоқсанда Дүниежүзілік банктің «Жалпы білім беруді жаңғырту» жобасы бойынша баяндамасы негізінде халықаралық консультанттардың ұсыныстары ескерілген еді.

«2024 жылы ҰБТ-ға сәйкестікті бағалау үшін мультимедиялық элементтері бар тапсырмалар енгізіледі», делінген ведомство ақпаратында.