АСТАНА. 17 маусым. Дания жағалауынан өте сирек кездесетін сүтқоректі су жануары табылды. Ғалымдар бұл су жануарын ақ теңіз доңызы деп атаған. Сондай-ақ, аталған сүтқоректіні адамдар соңғы 1 ғасырда небәрі 15 рет кездестірген. Бұл туралы 24 kz хабарлады.
Теңіз жануары көзден таса болудың хас шебері. Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, аталған жануар өткен ғасырдың тек 1911, 1928, 1929, 1937 және 1988 жылдары ғана Украина, Ирландия, Шотландия мен Дания елдеріндегі теңіз жағалауынан байқалған. Ал ең соңғы рет ол осыдан 8 жыл бұрын Сан-Францискодағы көпірдің астынан бой көрсеткен. Биологтардың таратқан мәліметінше, теңіз доңызы жұртты ерекше қылығымен де таң қалдыра білген. Өйткені, әдетте жасырынып жүзетін сүтқоректі бұл жолы өзін бейнеге түсірген кемеге жақындап келіп, суда емін-еркін ойнаған.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет.