• RUB:
    5.01
  • USD:
    523.58
  • EUR:
    549.71
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Әуе компанияларының бірінші басшыларына айыппұл салынуы мүмкін

44 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жолаушылардың құқықтарын қорғауға арналған жаңа құқықтық механизмдер әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутаттың айтуынша  барлық әуекомпанияларға рейстерді кешіктіргені үшін айыппұл салатын механизмдер әзірленіп жатыр. 

Енді рейстердің кешігуіне әуежайлардың тікелей жауапкершілігі заңмен қарастырылуы мүмкін.  Егер қазір кешігіп қалғаны үшін авиакомпанияларға айыппұлдар салынса, жаңа тетік бойынша олардың бірінші басшыларына да айыппұл салынады.

«Қазір тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы аясында әуекомпанияларын тексеру және олардың шағымдарын қарастыруға байланысты құқықтық механизмдер әзірленіп жатыр, сонымен қатар әуежай басшылығына айыппұл салуды  қарастырамыз», деді депутат.