• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2015

Солтүстік Қазақстан энергетиктері техника паркін жаңалады (фото)

307 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 17 маусым.  «Солтүстік Қазақстан таратушы электржелілік компаниясы» АҚ-да мамандандырылған техника паркі жаңартылды. Бұл туралы «СевКазЭнерго» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Техника паркін толықтыру «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде мүмкін болды.  11 заманауи манипулятор краны мен 12 жүк-жолаушы автомобилі компанияға өндірістік міндеттерді шешуге айтарлықтай көмектеседі. «Электржелілік компанияның мүддесіне қажетті жаңа техниканы сатып алу «СолтҚазЭнерго» көліктік кәсіпорны» ЖШС-нің «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасына қатысуының арқасында 244 миллион теңгенің жобасын  жүзеге асырды», – делінген  хабарламада. «Лизинг Групп» АҚ лизинг алушылардың тізімін мақұлдап, үш МКМ-200 көлігі мен 12 УАЗ автомобилі әкелінді.  Қалған техникалар жақын арада жеткізіледі. Өмір Есқали. Дерек, сурет: «СевКазЭнерго» компаниясы.