Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты финалында бүгін жұдырықтасқан 2 отандасымыз алтыннан алқа тақты, деп жазады Egemen.kz.
Отандасымыз Виктория Графеева қытайлық Цян Лиді жеңіп, алтын медаль иегері атанды.
Ел қоржынына екінші «алтынды» Аида Әбікеева салды. Ол финалда вьетнамдық Лин Ханы жеңді. Сөйтіп Аида Әбікеева Азия шыңын алғаш рет бағындырды.