ҚОСТАНАЙ. 17 маусым. "АгромашХолдинг" зауытында өздігінен жүретін New Holland комбаинының TC 5080 және TC 9.505 модельдері құрастырыла бастады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Комбаинның бұл екі моделі де өз класында ең әмбебап, өнімді жұмыс істейтін машиналар болып саналады. Олардың жанар-жағар май сыйымдылығы 6.400 литр. Соныме қатар жанар-жағар майға үнемділігі де оны барлық дәнді дақылдар жинауға салуға мүмкіндік береді.
"АгромашХолдинг" зауыты бірлесіп өндірісті бастаған CNH Industrial компаниясы өндірістік-техникалық салада өнім өндіруден әлемдегі лидерлердің бірі, өңдеу өнеркәсібінде көп жылғы тәжірибесі бар, өндірген өнім түрлерінің көптігінен де әлемде мойындалған. CNH I ауыл шаруаылығы нарығында және құрылыс жабдықатары, сондай-ақ коммерциялық көлік саласында да жұмыс істейді. Қазақстан нарығын терең зерттеген CNH I "АгромашХолдингке" тоқтады. Қостанайлық зауытпен олар аталған жобаны іске асыру жұмыстарын бастады.
"АгромашХолдинг" АҚ басқармасының төрағасы Алексей Сидоренко: «Бұл ынтымақтастық "АгромашХолдинг" зауытымен бұрыннан келе жатқан қарым-қатынасты кеңейтудің нәтижесі де болып табылады. "АгромашХолдингте" CNH Industrial тобына кіретін Iveco коммерциялақ автомобиль шығару жолға қойылған», деді.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz