• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2015

«ҚазТрансГазАймақ»-тың Оралдағы филиалынан ақша ұрланды

255 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 17 маусым. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамының филиалынан ақша ұрланды. Бұл туралы uralsk.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға 16 маусымнан 17-сіне қараған түнде болған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ақшаның ұрланғанын алғаш болып таңертең жұмысқа келген қызметкерлер байқаған. Алдын ала белгілі болған деректерге сүйенсек, белгісіз біреулер түнде мекеменің кассасы орналасқан бөлмеге кіріп, терминалдан ақша ұрлаған. Әзірге ұрланған ақшаның көлемі белгісіз. Полицияға аталған жайт туралы дабыл бүгін таңертең келіп түскен. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Темір Құсайын. Дерек: egemen.kz. Сурет: uralskweek.kz.