• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2010

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ СЕМИНАР

511 рет
көрсетілді

Бурабайдың әсем табиғатының аясында орналасқан “Байбура” қонақ үй кешенінде бұқаралық ақпарат құралдары үшін  астаналық журналистердің “ТАНАТ” клубы мен “MEDІALІFE” қоғамдық қоры “БАҚ-тарда демократиялық үдерістерді жария етудің халықаралық және ұлттық тәжірибесі” атты республикалық семинар-тренинг ұйымдастырды. Журналистер күні қарсаңында әрі “Қазақстан – 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы” байқауы шең­беріндегі шараның өтуіне Сыртқы істер министрлігі, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы және Ф.Эберт қоры өкілдігі мұрындық болды. “MEDІALІFE” қоғамдық қорының президенті Ольга Вол­кова, Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төр­ағасы Роман Василенко, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталы­ғы­ның басшысы, елші Александр Кельчевский, Литва елшілігінің Астанадағы бөлімінің бастығы Антанас Пятраускас және басқалар бірқатар құнды ойларын ортаға салды. Сондай-ақ семинар-тренинг барысында сөз бостандығының өл­шемі, факт мен пікірдің арасалмағы қаншалықты деген тұрғыда пікір­та­ластар болып өтті. Мысалы, “Жа­райсың, айлакер!”, “Қырағы көз мырза” және сол сияқты сөздердің адамның ар-намысын қорлауға немесе сипатын беруге бағыттал­ған­ды­ғы зерделенді. Ол үшін арнайы түсірілген бейнефильм де көрсетілді. Журналист аты-жөнін өзгертіп мақала жаза ала ма немесе өзінің дерек көзін ашып көрсетуге міндетті ме деген тұрғыда да ой өрбітілді. Осы ретте Ольга Волкова “егер айыптаушы миллиондаған сомаға арыз-талап жазса, онда ол сол сұрағанының белгілі бір пайызын бюджетке төлеуі тиіс” деген ой айт­ты. Сонда ғана арыз иесі сот про­цесінде жеңілген жағдайда құйған қаржысынан айрылады. Келесіде сотқа берген кезінде ойлана бастайды. Ал қазіргі жағдайда 600 теңге төлеп, миллиондаған теңгелік арыз-талап жазушылар қатары азаймай отыр. Осылайша екі күнге созылған тағылымы мол семинар-тренинг отандық бұқаралық ақпарат құрал­дары өкілдерін тағы бір сатыға көтерді. Журналистиканың қыр-сырын меңгере түскен оларға арнайы сертификат табыс етілді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.