Елорданың «Байқоңыр» ауданында қыс қызығын айшықтайтын қысқы сырғанау алаңдары іске қосылып жатыр. Сырғанау маусымының сәнін келтіретін 800 метр шаршы алаңды құрайтын мұз айдыны «Жастар» сарайы аумағында тұрғындардың игілігіне табысталды, деп жазады Egemen.kz.
Көпшіліктің көңілін сергіту шарасына «Байқоңыр» ауданының 100-ден астам оқушысы қатысты.
Алғыр оқушылардың уақытын қызықты өткізуді көздеген шарада оларға арнап музыкалық тартулар мен тәттілер таратылды. Ең бастысы қыс бойы оқушылардың серігіне айналатын конькилер де оқушыларға тегін үлестірілді.
Мерекелік ашылудан кейін балалар үшін белсенді ойын-сауық ұйымдастырылды. Ауданның білім алушылары эстафеталық ойындар, коньки тебу, допты хоккей және қоқыстарды сұрыптау бойынша сынға түсіп, өзара кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады.
Сайыс жеңімпаздары да сыйлықсыз қалмады. Үздіктерге түрлі сыйлықтар мен тәттілер табысталды.
Шара соңында келуші қауымға ыстық сусындар мен бауырсақтар ұсынылды.
Байқоңыр ауданында біршама қысқы демалыс аймақтары жұмыс жасап тұрғанын еске саламыз:
1.Жастар сарайының аумағы 2. Ататүрк саябағы3. Қаламгерлер аллеясы 4. Целлинный шағын ауданы (Жұбанов көшесі,3)5. Өндіріс тұрғын алабы / Ақбидай көшесі 6. Өндіріс тұрғын алабы / Кемеңгерұлы7. Өндіріс тұрғын алабы / Өзен көшесі8. Кирпичный тұрғын алабы / Чехов көшесі9. Казгородок тұрғын алабы / Досмұхамедұлы көшесі10. Қоянды саяжай алқабы / ЭКСПО алаңы11. СМП / Кеншілер көшесі
Айта кетейік, аудандағы қысқы серуен кеңістіктері, сырғанақтар мен мұз айдындары қыс біткенше тұрғындардың игілігіне қызмет етпек.