• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қаржы Бүгін, 11:18

Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды

14 рет
көрсетілді

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 – 527 теңгеден саудаланып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық банктің ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 522,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,06 теңге. Еуро — 547,88.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 522,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 527,5 теңге. Еуро 547,5 — 554,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 520 теңге, сатып алу құны — 527 теңге. Еуро 546 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,03 - 5,13 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 13 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге төмендеп, 522,80 теңге болған.