Бүгін 15 желтоқсанда Алматы облысы Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлауда 3 кандидат бәсекеге түсіп жатыр. Олар:
Арыстанбек Әбілхаирұлы, 41 жаста, «Талғар тұрғын үй» ЖШС басшысы, Amanat партиясы ұсынған;
Жәнібек Кәденов, 33 жаста, Талғар ауданы әкімі апаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, «Қазақстанның халық партиясы» ұсынған;
Әлібек Рамазанов, 42 жаста, «Бесағаш» ауылдық округі әкімінің орынбасары, өзін-өзі ұсынған.
Сайлаушылар тізіміне барлығы 42774 сайлаушы енгізілген. Дауыс беру сағат 20: 00-ге дейін жалғасады.
Айта кетейік, 15 қазанда Талғардың бұрынғы әкімі Бақыт Күрішбеков қызметінен босатылған еді.