• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2015

Мемлекет басшысы қазан айында Катарға сапармен барады (фото)

243 рет
көрсетілді

АСТАНА. 17 маусым. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Катар елiнiң Сыртқы iстер министрi Халид әл-Атиямен кездестi. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов: «Бiз бұл келiссөздерге Инвестиция және даму министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң және «Бәйтерек» ұлттық холдингiнiң өкiлдерiн шақырдық. Менiңше, өте тұщымды талқылау болады. Онда бастысы – биыл қазан айында Қазақстан Республикасы Президентiнiң Катар мемлекетiне сапарын тынғылықты дайындау. Онда негiзiнен экономикалық салаға басымдық берiледi», – деді. Сондай-ақ, Халид әл-Атия: «Бiздiң елдер арасында берiк достық қатынастар орнатылған. Инвестициялық әрiптестiктi дамытуға мүдделiлiк бар. Бiздiң қарым-қатынастарға жаңа серпiн беретiн жаңа мүмкiндiктер табамыз деп ойлаймын», – деп атап өтті өз сөзінде. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».
Соңғы жаңалықтар