• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2015

Қазалыда Ұлы Отан соғысының ардагері 95 жасқа толды (фото)

546 рет
көрсетілді

АСТАНА. 17 маусым. Қызылорда облысы Қазалы ауданының тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Шариф Абдуллин 95 жасқа толды. Майдангердің үйіне мерейтойымен құттықтау үшін Қазалы ауданының әкімі Бахыт Жаханов арнайы барды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Шариф Абдуллин бүгінде Байқоңыр қаласындағы баласының қолында тұрады. Аталған қалаға Жеңістің 70 жылдығымен және мерейтойымен құттықтап барған Бахыт Жаханов ардагерге облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың құттықтау хатын табыс етті. Онда: «Ел мүддесі жолындағы еселі еңбегіңіздің зейнетін көріп, әрдайым арамызда ақылшы аға, ардақты азамат, абыройлы ақсақал болып аман-есен жүре беріңіз», – делінген. Сонымен қатар, аудан басшысы жыл бойы өңірде атқарылған жұмыстарды айтып, алдағы уақытта атқарылар жоспарларымен бөлісті. Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан мерейтой иесі ғасырға жуық ғұмырында талай асудан мұқалмай өтіп, еңбек майданында қызмет еткен. Ардагер ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды қолдайтынын айтып, ақ батасын берді. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: egemen.kz.