• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2015

Батыс Қазақстанда индустриялық аймақтың орны анықталды

290 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 17 маусым. Батыс Қазақстанда инсдустрияландыру аймағы орналасатын жер бірақ уақыттан бері белгісіз болып келді. Бұған аталған мәселе өз шешімін тапты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бастапқыда бұл мақсатта үш нұсқа ұсынылды. Оның біріншісі – Орал қаласының солтүстік шығыс бөлігіндегі Самара бағыты тас жолы аумағы. Екіншісі – Зеленов ауданындағы Берез ауылы маңы. Ал үшіншісі – Теректі ауданындағы Пойма бекеті аумағы. Бүгінгі келісім мен ұйғарым соңғы нұсқаға арқа тіреді. «Бұл тұс ең тартымды, перспективасы жоғары жер ретінде ерекшеленіп тұр. Сондай-ақ, осы маңда темір жол, аэропорт және автомобиль жолы орналасқан. Аталған факторлар көлік-логистикасын орналастыруға да тиімді», – дейді «Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының жетекшісі Ержан Балтаев. Индустриялық аймақты пайдаланудың бірінші кезеңінде 300 гектар жерді игеру жоспарлануда. Қазірдің өзінде 5 түрік компаниясы оған өндірістік желілерін өткізуге дайын. Оларды индустриялық аймақтың Ресей нарығына жақындығы қызықтырып отыр. Өйткені, олар үшін Еуразиялық экономикалық одақ жағдайындағы ортақ жұмысты игеру әлдеқайда тиімді екені айтпаса да түсінікті. Темір Құсайын. Дерек, сурет: egemen.kz.