Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдадыПрезидент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.