2017 жылдың наурыз айында Текелі қаласының учаскелік полиция инспекторы 24 млн теңгенің ұрлығына қатысты дерек ретінде алынған заттарды ұрлаған, деп жазады Egemen.kz.
Жетісу облысының арнайы прокурорлары Текелі қаласының учаскелік полиция инспекторына қатысты істі соңына жеткізді.
Қылмыс жасағаннан кейін полиция қызметкері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.
Оның сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.
Сот полиция қызметкерін ҚР ҚК-нің 362-бабына сәйкес (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) кінәлі деп тауып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот үкімі күшіне енді.