17 желтоқсанда Железин ауданы ауылдарының бірінде 2020 жылы туған бала мен анасы көміртегі тотығымен уланып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, екеуі де ауруханаға жатқызылды.
«Жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан пештің қақпағы жабылып қалып, ауыл тұрғыны мен баласы көміртегі тотығымен уланған», делінген хабарламада.
Төтеншеліктер тұрғындарды өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.