• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №406 

255 рет
көрсетілді

2015 жылғы 5 маусым, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Мемлекеттік реттеу объектілері болып табылатын парниктік газдар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 655 қаулысы; 2) «Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 шілдедегі № 943 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 63, 869-құжат). 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.