Мәлімдемеде айтылғандай қазіргі уақытта «Қазақмыс» корпорация кәсіпорындарында жағдай тұрақты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Компания басшылығы мен әлеуетті құрылымдар тарапынан жұмысшыларға ешқандай қысым көрсетіліп жатқан жоқ. 65 шахтадағы (ОЖК) жұмысшылардың шағын тобын қоспағанда, шамамен 40 мың адамнан құралған жұмыскерлердің басым көбі ұсынылған шарттарды қолдады», делінген мәлімдемеде.
Жезқазған мыс қорыту зауыты, Жайсаң, Шатыркөл, Саяқ кеніштері, сондай-ақ Жыланды, Жомарт, Батыс, Шығыс кеніштеріндегі үңгілеу бригадаларының жұмыстары қайта басталған.
Шарттарды мына сілтемеден оқи аласыз.