• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 12:57

Елордалық тұрғын көршісінің алтын бұйымдарын ұрлап, ломбардқа өткізген

16 рет
көрсетілді

Елордалық тұрғын көршісінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы ПД Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері келіп түскен арыз бойынша, ұрлықшыны анықтады.

«Жаңадан көшіп келген әйел көршісімен танысу үшін оның үйіне барады. Танысып, әңгіме айту барысында күдікті кітап сөресінің жанында алтын әшекей бұйымдар тұрғанын көреді. Жәбірленуші есік қоңырауын естіп, кіреберіске қарай кеткен кезде ұрлықшы арам ойын іске асырады»,  делінген ПД хабарламасында.

Тәртіп сақшылары істің мән-жайына көз жеткізеді. 30 жасар күдіктінің алтын бұйымдарды ломбардқа тапсырғаны белгілі болды. Полицейлер арызданушының екі сақинасы мен сырғасын және алқасын қайтарып берді. Шығын көлемі шамамен бір жарым млн теңге.

Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне істі кідіртпей ұрлықшыны тауып бергендері үшін алғыстарын білдірді.