Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин 2025 жылдың басында пойыздарда пилоттық режимде интернет пайда болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, өткен жылы республикалық жолдар бойында талдау жүргізілген.
«Талдау негізінде біз антенна-діңгек құрылыстарын қосымша орнату қажет болатын 243 нүктені анықтадық. Қазір әкімдіктер жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатыр. 80-ге жуығы іске асты. 2025 жылы республикалық маңызы бар жолдардағы «ақаулар» жойылады. Сондай-ақ жергілікті деңгейдегі жолдарды талдау жұмыстары басталды, оның нәтижелері ескеріліп, алдағы уақытта жоспарға енгізіледі», деп толықтырды Коняшкин.
Оның айтуынша, теміржол пойыздарында интернеттің сапалы жұмыс істеуі үшін әртүрлі технологияларға талдау жасалды.