ОРАЛ. 17 маусым. Бүгін Орал қалалық соты Батыс Қазақстан облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметкеріне қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану жөнінде санкция берді. Бұл туралы «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алдын ала тергеу органдары көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Т-ны республикалық маңызы бар күре жолдағы көлік бақылау бекеттерінен автокөліктерді кедергісіз өткізу және жалпы қамқоршылық жасау үшін И. деген азаматтан 900 мың теңге пара алды деп айыптап отыр.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлімі 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: glavpost.com.