Бүгін Ақтау маңында Әзербайжаннан ұшып шыққан ұшақ апатқа ұшырады. Ауыр апатқа байланысты Әзербайжан тарапынан арнайы құрылған комиссия Ақтауға барды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Делегацияны Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрі бастап келген.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен Әзербайжан үкіметінің өкілдері құтқару операциясы аясында жасалатын тиісті шараларды пысықтады. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек көрсетіліп жатқанын айтты.