Маңғыстау облысында Әзербайжан ұшағы апатқа ұшырады. Экипаж мүшелері мен жолаушылары арасында қаза тапқандар мен ауыр зардап шеккендер бар. Ақтау қаласындағы Әзербайжан Бас Консулдығы ғимаратына келіп, қамығып, көңіл айтып жатырған халықтың қарасы қалың, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Қоғамдық Коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Өңір халқы қайғылы жағдайға байланысты Әзербайжан халқына көңіл айтып, елшіліктің маңында бас қосты. Сондай-ақ «ҚР СЖҚІҚА» облыстық департаменті мен мекеме қызметкерлері, облыс жастары да көңіл білдіріп, суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Осы тұрғыда Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Нұрбек Карасаев өз пікірін білдірді.
-Бүгін Ақтау маңында болған қайғылы оқиға бүкіл елді дүр сілкіндірді. Апатқа ұшыраған ұшақта 67 адам болғаны белгілі болды, барша қаза тапқан және зардап шеккен жандардың жақын-жуықтарына шын жүректен көңіл айтамыз. Өз тарапымыздан қолдан келгенше көмек білдіруге дайынбыз. Қазір түрлі көмек түрлері ұсынылып, арнайы іс-шаралар қарастырылып жатыр, - деді Нұрбек Карасаев.
Маңғыстау облысы